Галина Владимировна Денисова еңбек жолын мектепте пионер жетекшісі болып бастаған, кейіннен комсомол ұйымының хатшысы, өндірістік оқытудың шебері, училище директоры болып жалғастырған. 1999 жылдың желтоқсанынан бастап төрт рет депутат, Зырян ауданы мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Г.В.Денисова депутат корпусын басқара отырып депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсетті, олардың қажетті ақпараттармен қамтылуын ұйымдастырды, тұрақты комиссиялардың, «Нұр Отан» партия мүшелері мәслихаты депутаттық тобының қызметін үйлестірді. Аудан мәслихаты депутаттарымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Мәжілісінің, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттарымен, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен, атқарушы үкімет органдарымен тығыз байланысты жүзеге асырған.
Г.В.Денисованы тез тіл табатыны, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатыны, адалдығы, тыңғылықтылығы, өз ісіне берілгендігі, әдептілігі, бірбеткейлігі ерекшелейді.
Галина Владимировна тұрғындармен, еңбек ұжымдармен, кәсіпорындармен, меншік нысанының қандай түрі болмасын мекемелер және ұйымдармен тығыз байланыста болған. Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын және жүргізіліп жатқан реформаларды белсене қолдайды.
Галина Владимировна адалдығы мен тыңғылықтылығы арқасында аудандағы кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдастық арасында үлкен құрметке ие.
Зырян ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы No10/4-6 шешіміне сәйкес Галина Владимировна Денисоваға «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.