1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Бұқтырма ауылында дүниеге келген.
Дедова Галина Михайловна 1973 жылы Өскемен педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 1991 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Алматы қ.) «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Галина Михайловна Дедова мемлекеттік қызметте 30 жылдан астам уақыт еңбек етті. Жұмыс барысында өзін аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін табысты шешетін білікті, бастамашыл басшы ретінде көрсетті.
Г.М. Дедованың еңбек өтілі 40 жылдан асады, ол ауыл мектебінің мұғалімінен аудан әкімі аппаратының басшысына дейінгі үлкен жолдан өтті.
Жоғары кәсібилігінің, еңбекқорлығының, қойылған міндеттерді шешудегі салмақты әрі талдаушылық тәсілінің, өзіне және қол астындағыларға қоятын талапшылдығының арқасында Г.М. Дедова бөлімдердің, қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің қызметін тиімді үйлестіріп отырды. Аудан әкімі аппаратының жұмысын жоспарлап, аппараттың аудандық мәслихатпен және облыстық басқару органдарымен өзара байланысын қамтамасыз етті.
Жоғары ұйымдастырушылық қабілетке, кең ауқымды ойлау жүйесіне және жаңашылдық сезіміне ие бола отырып, Г.М. Дедова басқару қызметіне жұмыстың прогрессивті нысандары мен әдістерін енгізді.
Г.М. Дедованың көпжылдық адал еңбегі «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен атап өтілді.
Галина Михайловнаның белсенді азаматтық ұстанымы мен патриотизмі жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен беделін арттыруға септігін тигізеді.
Өзінің білімі, тәжірибесі, эрудициясы, әділдігі, айналасына және өзіне деген талапшылдығы мен жанашырлығының арқасында Г.М. Дедова басшылардың, жұртшылықтың және Зырян ауданы халқының терең құрметіне ие болды.
Зырян аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 24/10-VІІ шешіміне сәйкес, Дедова Галина Михайловнаға «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.