Сергей Николаевич Баев өз қызметін 1973 жылы Өскемен цемент зауытында (бүгінде «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС) Электр жөндеу цехінде электр монтердің оқушысы болып бастады, онда электр жабдықтауды жөндеу бойынша шеберінен Электр жөндеу цехінің басшысына дейін қызмет етті. 1986 жылдан бастап зауыттың бас энергетигі, 2001 жылдан бастап зауыттың бас инженер болып тағайындалды. 2002 жылдан 2008 жылға дейін атқарушы директоры, техникалық директоры лауазымдарында қызмет етті. 2011 жылдың шілдесінен бастап «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС басқармасының төрағасы лауазымында қызмет етіп жүр.
Еңбек қызметінде адал ниетті, тәртіпті, жауапты және шебер басшы ретінде көрсетті. Компания оның басшылығымен цементті өндіру мен оның сапасын арттыру бойынша жеткізілген жоспарлы тапсырмаларды орындау бойынша жоғары нәтижеге жетті. Өндірісті 1997 -2000 ж.ж. қайта құру кезеңінде цемент өндірісінің өндірістік қуаттылығын қалпына келтіру мен арттыру бойынша белсенді қатысты. Оның басшылық етуінде шығарылып жатқан цемент көлемі айтарлықтай өсті, 2010-2014 ж.ж. бастап жыл сайын жаңа жабдықты сатып алуға және зауытты жаңғартуға 100 миллионнан астам инвестициялар салынады. Электр сүзгіштерді ауыстыру жүргізілді, ол 70 % клинкерлі тозаңның шығарылуы төмендеді, төрт пеште айырғышты орналастыру М400, М500, МЦ20 маркалы жоғары сапалы, қатайтатын, сульфатқа күшті цементін шығару мүмкіндік берді.
Компанияның еңбек процесін оңтайлы басқаруын, персоналды қойылған мақсаттарды орындауға ұйымдастыра алады. «БЦК» ЖШС қызмет ететін ұжымының әлеуметтік мәселелерін шешуде үлкен жеке үлесін қосты, Шығыс Қазақстан облысының кәсіп одақтарымен белсенді жұмыс істеді. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үлкен қолдау көрсетті.
Зырян ауданы мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/10-VI шешіміне сәйкес Баев Сергей Николаевичке «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.