1936 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әмірханов Заур Сиражаұлы еңбек жолын 1959 жылы Қазақ химия-технология институтын бітіргеннен кейін Зырян қорғасын комбинатының байыту фабрикасында флотатор болып бастады. Кейіннен ол тас құю цехының құрылысы бойынша жобаны басқарды. Заур Сиражаұлы тас құю технологиясын жасап шықты, балқыту пештері мен құю жабдықтарының конструкциясын таңдады. Бұл Қазақстандағы осындай түрдегі жалғыз кәсіпорын болды және түсті металлургия кәсіпорындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етті. Кейіннен З.С. Әмірханов жаңа техниканың тәжірибелік-эксперименттік зертханасын басқарды.
1972 жылы аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Сол жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Зырян жалпытехникалық факультетін басқарды.
2004 жылы оның бастамасымен және басшылығымен «Аграрлық-техникалық колледж» білім беру мекемесі құрылды. 2007 жылы «Гиппократ» медициналық колледжі» мекемесінің құрылтайшысы және директоры болды.
З.С. Әмірханов әкімшілік жұмысты ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыспен табысты ұштастыра білді. Еңбектегі жетістіктері үшін оған «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атағы беріліп, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Зырян аудандық мәслихатының 2006 жылғы 17 қазандағы № 39/3-3 шешіміне сәйкес, Әмірханов Заур Сиражаұлына «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.