1925 жылы дүниеге келген, қазақ, білімі — жоғары. Зейнеткер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, І дәрежелі Отан соғысы орденінің кавалері, Зырян қаласының құрметті азаматы.
Алпыспаев Алдаберген Қанапияұлы еңбек жолын Зырян кен басқармасының механикалық цехында слесарь болып бастады.
1943 жылы әскерге шақырылып, 1952 жылы демобилизацияланғаннан кейін Зырян қаласына оралды. «Зырянстрой» тресінде комсорг, шебер, жұмыс жүргізуші (прораб), аға жұмыс жүргізуші, өндірістік-техникалық бөлім бастығы, бас инженер қызметтерін атқарды. 17 жыл бойы «Зырянстрой» тресінің басқарушысы болып еңбек етті. А.К. Алпыспаевтың басшылығымен құрылысшылар ұжымы қала мен аудандағы өндірістік, ауыл шаруашылығы, мәдени-тұрмыстық нысандардың негізгі бөлігін салды, сондай-ақ Малеевка кенішінің құрылысын жүргізді. Алдаберген Қанапияұлының жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің, жауапкершілігі мен талапшылдығының арқасында құрылысшылар ұжымы жоспарды үнемі орындап, облыстағы ең үздіктердің қатарында болды. Ол құрылысқа жаңа технологияларды белсенді енгізді, бұл еңбек жағдайын жеңілдетіп, нысандардың құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді.
Құрметті демалысқа шыққаннан кейін Алдаберген Қанапияұлы облыс пен қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, мектеп оқушылары мен әскерге шақырылушылар алдында үнемі кездесулер өткізіп тұрды.
Үкіметтік марапаттары:
І дәрежелі Отан соғысы ордені.
Медальдары: «Ерлігі үшін» (За отвагу), «Германияны жеңгені үшін», «КСРО Мемлекеттік шекарасын қорғаудағы айрықша қызметі үшін», «Ерен еңбегі үшін».
Құрмет грамоталары: Сарбаздарды оқыту мен тәрбиелеудегі адал қызметі үшін, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумынан құрылыстағы жоғары өндірістік көрсеткіштері мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін берілген грамоталар.
Сондай-ақ, неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін және Жеңістің 40 жылдығы құрметіне берілген орден мен куәліктері бар.
Зырян аудандық мәслихатының 1995 жылғы 27 қазандағы № 11/70 шешіміне сәйкес, Алпыспаев Алдаберген Қанапияұлына «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.