«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бөлімінің 50) тармақшасына, 804-бабының 3-бөліміне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға құқық берілсін:
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 75, 156, 488-1-баптары бойынша «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Арман Ерболович Аскатовқа;
- Кодекстің 418 (1-1 бөлігі), 453, 455 (бірінші бөлігі, 1),2),4),6),7),8) және екінші бөліктің 9-тармақтары, үшінші және бесінші бөліктер), 489-1, 490-баптары бойынша «Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Архат Ардакович Турсынбековқа және бас мамандар Инна Георгиевна Коломиецке, Гульнара Байроновна Сулейменоваға, Татьяна Александровна Зайцеваға;
- Кодекстің 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері) (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу жүйелері және жылу энергиясы бөлігінде), 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу жүйелері және жылу энергиясының тұтынушылары бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу жүйелерінің күзетілетін аймағы бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөлігі), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 320, 462 - баптары бойынша «Алтай ауданының тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Юрий Александрович Гавриловқа және бас маман Наурызбай Куанышүлы Жекеевқа;
- Кодекстің 199, 204, 405, 463 – баптары бойынша «Алтай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Дария Кумаркановна Ахметкалиеваға.
- Көрсетілген мемлекеттік мекемелердің басшылары осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- «Уәкілетті тұлғалар туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 198 қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалтырамын.
Алтай ауданының әкімі Р. Курмамбаев