Алтай ауданындағы бөлшек сауданың жай-күйі туралы

Алтай ауданындағы бөлшек

сауданың жай-күйі туралы

 

 

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 1,4% өсті және 47,3 млрд. теңгенi құрады.

                Бөлшек сауданың негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы ауданның бөлшек сауда айналымының 80,5% құрады және 2024 жылғы қаңтар- желтоқсанымен салыстырғанда 10,3% өсті.

Сауда кәсіпорындарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға ұлғайды және ауданның бөлшек сауда  айналымының 19,4%  құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 51,1% азық-түлік емес тауарлары, 48,9% азық-түлік тауарлары құрайды.

2025 жылғы қаңтар- желтоқсан көтерме сауда көлемі 10,9 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 118,7% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 75,4%, азық-түлік тауарлары – 24,6% құрайды.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Бөлшек сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де  пайдалануға арналған тауарларды сатып алушыға сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы:

О.А.Дементьева

Тел. +7 (72335) 7-78-65

Алтай ауданының статистикасы басқармасының басшысы:

Е.Н.Охременко

Тел. +7 (72335) 7-73-13

Мекенжай:

070800, Алтай қаласы

А.Несмиянова көшесі, 39

Дата публикации
31 марта 2026