«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің әкім аппараты» ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің

әкім аппараты» ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 Ақпанда № 19982 болып тіркелген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 2025 жылы 195 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:                                                                       

- Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы - 68;

- балама негізде қағаз түрінде – 61;

- мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді-45.

Балама негізінде көрсетілетін қызметтер санынан Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі 34,8 %  құрады.

Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 52;       

- «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» («кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» болып өзгертілді) - 46;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 38.

         2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

 

 

Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі                                                             Н. Канапин                         

 

 

 

 

 

Орынд. О. Понкратьева                                                                                                                                    тел. 8(72335)28153

Дата публикации
31 марта 2026