«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Октябрьский кенті әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Октябрьский кенті әкімінің аппараты» ММ-нің
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19982 болып тіркелген), «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Октябрьский кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2025 жылы жеке және заңды тұлғаларға барлығы 72 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 21;
  • баламалы негізде қағаз түрінде – 51.

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің баламалы негізде көрсетілген қызметтер санынан үлесі 29,2 %-ды құрады.

Талдау нәтижесі бойынша ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне аукцион өткізуді талап етпейтін құқықтарды алу» – 12;
  • «Елді мекен шегінде құрылыс үшін жер учаскесін беру» (өзгертілді: «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру») – 40;
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру» – 13.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

 

 

Алтай ауданы

Октябрьск кентінің әкімі                                                        Д. Абильмажинов

Дата публикации
31 марта 2026