«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы
Серебрянск қаласы әкімінің аппараты» ММ
мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша
2025 жыл бойынша есебі
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 қазанда № 19982 нөмірмен тіркелген 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 6 қазанда № 21366 болып тіркелген 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкім аппараты) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
2025 жылы 65 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде - 13, «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы электронды түрде-1, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 51.
3) Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта көрсетілетін қызметтердің үлесі баламалы негізде көрсетілетін қызметтер санының 78,5% құрады.
-«Республикалық маңызы бар қала, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегiндегi жер учаскесiне құқықтарды алу»- 32;
- « Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату» - 5 ;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару» - 1;
- «Жер учаскесіне кезекке қою» – 19;
- «Жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту» - 7.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәлімет алу үшін Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары және өтініштердің үлгілері орналастырылған стенд бар. Жыл сайын Алтай ауданы әкімінің сайтында мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әкім аппаратында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Әкім аппаратының қызметкерлері «Zoom» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін, ақпараттық жүйелердегі жұмысты және ішкі бақылауды айқындайтын заңға тәуелді актілер бойынша барлық жоспарланған оқыту семинарларына қатысады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты қызметкер жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМКМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында оқу курстарынан өтеді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет алушылардың қанағаттануы, тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда.
Серебрянск қаласының әкімі Н. Бакынова
орын. О. Копылова
тел. 8(72337)25151