«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Соловьево ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Соловьево ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

 

 

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмиетті көрсетуші жөнінде мәліметтер

2025 жылы Соловьево ауылдық округі әкімінің аппараты жер қатынастары саласында 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті:

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;

«Жер телімін алуға кезекке қою».

 

 

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2025 жылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді: Мемлекеттік корпорация арқылы - 2, E-лицензиялау веб-порталы арқылы электронды түрде – 8.

3) Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Балама негізде көрсетілген қызметтердің ішінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 80% құрады.

Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

-   «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 1;

-   «Учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту» - 2;

-   «Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» - 3

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 1;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 3. 

 

  1. Қызметті көрсетушілермен жүргізілген жұмыстар

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін әкім аппаратында Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен өтініштердің үлгілері бар ақпараттық стенд бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 455 қызмет алынды: 281 электрондық цифрлық қолтаңба, 153 анықтама, 13 декларация тапсыру, 2 әлеуметтік көмекке өтініш, 3 оқу кезінде әскери қызметтен кейінге қалдыру және 3 баланы медициналық мекемелерге тіркеу.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелеріне сәйкес, әкім аппараты 2025 жылы «Электрондық лицензиялау» веб-порталы арқылы 8 қызмет көрсетті -«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру», «Учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту», басқа қызметтер түрі бойынша 2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкер бекітілген жоспарға сәйкес «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы» РМКК біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Әкім аппаратының қызметкері «Zoom» арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік актілер, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестері, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу және ішкі бақылауды жүргізу бойынша барлық жоспарланған оқыту семинарларына қатысады.

Жыл сайын Алтай ауданы әкімінің сайтында мемлекеттік қызметтер туралы есеп жарияланады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау.

  Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтердің сапасына қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

Мемлекеттік қызметтердің сапасын, қызметті алушылардың қанағаттанушылығын және тиімділігін арттыру жұмыстары үнемі бақылауға алынған.

Соловьево ауылдық округінің әкімі                                        М.Тюлюбаев

 

 

Дата публикации
05 марта 2026