«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Никольск ауылдық

округі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

2025 жылы Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі-әкім аппараты) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетті:

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»;

«Жер учаскесін алуға кезекке қою».

 

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2025 жылы 46 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 1 мемлекеттік қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы – 4 мемлекеттік қызмет, электрондық түрде «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы – 15 мемлекеттік қызмет, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 26 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 56,5 % құрады, электрондық форматта Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызмет - 32,6% құрады.

Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 26;

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 9;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 6;

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 4;

«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» сұранысы аз мемлекеттік қызмет болып табылады» - 1.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оларға қол жеткізу орындары жөнінде мәлімет алу үшін әкім аппаратында арнайы стенд орналастырылған. Онда мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары мен өтініштердің үлгілері ілінген. Жыл сайын мемлекеттік қызметтер туралы есеп Алтай ауданы әкімінің ресми сайтында және Никольское ауылдық округі әкімінің ЕПИР ГО сайтында орналастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әкім аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған. 2025 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 73 түрлі анықтама және 26 электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алынды.                Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 15 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оған 177 адам қамтылды. Әкім аппаратының қызметкерлері «Zoom» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестері, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу және ішкі бақылауды жүргізу бойынша жоспарлы оқыту семинарларының барлығына қатысады.          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 15 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, 177 адам қамтылды.

Әкім аппаратының қызметкерлері «Zoom» алаңы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актілер, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері, ақпараттық жүйелердегі жұмыс және ішкі бақылау бойынша барлық жоспарлы оқыту семинарларына қатысады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне сәйкес әкім аппараты 2025 жылы:

 «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы қызметтердің 2 түрі («сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу», «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»);

баламалы негізде қағаз түрінде 1 қызмет түрі («жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»);

 Мемлекеттік корпорация арқылы 1 қызмет түрі («кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»);

 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «жер учаскесін алуға кезекке қою» қызметінің 1 түрін көрсетті.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2025 жылы Никольск ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жоспарлы бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы, тиімділікті жақсарту жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.

 

Никольск ауылдық округінің әкімі                                                     К. Ахметова

 

Орынд.:  О. Исабаева

тел. 8(72335)27531

Дата публикации
04 марта 2026