«Алтай ауданы әкімінің аппараты»  ММ  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2025 жылға есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39н/қ енгізілген өзгерістер және толықтырулармен 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға 51 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратымен, 6 аудандық бөліммен, 2 қала, 4 кент, 9 ауылдық округ әкімі аппаратымен 5865 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

- тікелей мемлекеттік орган-2878;

- мемлекеттік корпорация - 345

- электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 2642 өтініш орындалды.

327 өтінішке қызмет қағидаларына сәйкес дәлелді бас тартылды. Оның 305-і электронды түрде.

Есепті кезеңде қызмет көрсету сапасына шағымдану және қызмет мерзімін бұзу жағдайлары болған жоқ.

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ауданда электрондық қызметтердің жалпы үлесі 45 пайызды құрады.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау іс-шараларының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 86 жоспарына сәйкес 3 ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді.

Бақылау іс-шарасымен 3 мемлекеттік мекемеде 5 мемлекеттік қызмет қамтылды.

Нәтижесінде 3 басқа заңдардың бұзылуы анықталды.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ. Қызмет көрсету сапасы үшін 2 өтініш түсті, нәтижесінде:

  1. жауапты маманға «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылды (Мұхит-Бора ЖШС «жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде берілген өтінішінің негізсіз қабылданбауына байланысты шағыммен жүгінген)
  2. бөлім басшысына «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылды (аз.А.В.Гунько «кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде берілген өтінішінің негізсіз қабылданбауына байланысты шағым түсірген).

Ішкі бақылау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 56-тармағын басшылыққа ала отырып, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге талдау жүргізді, нәтижесінде: ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ағаштарды кесуге рұқсат беру», «Серебрянск қаласы әкімінің аппараты» ММ және «Зубовск кенті әкімінің аппараты» ММ  «E-otinish» ақпараттық жүйесінде «Жалдау мерзімін ұзарту» бұзушылықтары анықталды:

 

ТКШ бөлімінің маманымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді (аз. П.Л.Чагинаның 2025 жылдың 4 сәуірдегі  өтініші 2025 жылдың 7 сәуірінде тіркелген. Тіркеу белгіленген мерзімді бұза отырып жүргізілді — бір жұмыс күні кідіріспен).

«Зубовск кенті әкімінің аппараты» ММ маманымен (2025 жылғы 1 қыркүйектегі ЗТ-2025-030005457, ЗТ-2025-03005476 өтініштері жалдау мерзімін ұзартуға қызмет көрсету үшін ЭҚА жүйесіне уақтылы көшірілді. Алайда, әкім аппараты қызметтің нәтижесін 5 жұмыс күні мерзімін бұза отырып ұсынды) және «Серебрянск қаласы әкімінің аппараты» ММ маманымен («Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2025 жылғы 2 қыркүйектегі 5 өтініші ЭҚА жүйесі арқылы ҚР Жер Кодексі мен ережелеріне сілтеме жасай отырып жауап берілген, сондай-ақ кеңсеге немесе электрондық поштаға өтініш беру қажеттілігі туралы түсініктеме берілген. Бүгінгі күні бұл қызмет автоматтандырылмағанын ескере отырып, әкім аппараты ЭҚА жүйесі арқылы өтініш берушіге жалдау мерзімін ұзарту туралы шешім немесе дәлелді бас тарту ұсынуы қажет болған)    Е-Өтініш жүйесі арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметті тіркеу мерзімдерін түсіндіре отырып, жұмыс кеңесі өткізілді.

Аудан әкімі аппаратының цифрландыру, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің қызметкерлері мекеменің мамандарына «мемлекеттік деректер базасы», «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу тәртібін, қызмет қағидаларына қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі түсіндірді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мекемеде жағдай жасау (жұмыс кестесі, пандус, шақыру, тактильді тақта және т.б.), ақпараттық тақталардағы ережелерді өзектендіру, «өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының» жұмысын жандандыру бойынша ұсыныстар берілді.

           Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат, қолжетімділік көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми түрде орналастырылған. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында мемлекеттік және орыс тілдерінде арнайы ақпараттық тақталарда орналастырылған.

           Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және халықтың ақпараттылығын арттыру мақсатында Aitay_audanynyn_akimdigi Instagram парақшаларына 10 түсіндіру посты мен ақпараттық - консультациялық материалдар жарияланды.

 Қалалар, кенттер және ауылдық округтер әкімінің 15 аппаратында «өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» қамтылған.  Аталған бұрыштар арқылы тиісті мерзімде мекеме мамандарының сүйемелдеуімен 2025 жылдың 12 айында  халыққа 2977 қызмет көрсетілген.

Аудан әкімінің аппаратымен 2024 жылғы 12 желтоқсанда № 86 бекітілген «ауданның жергілікті атқарушы органы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша аудан халқын ақпараттандыру жоспары-кестесіне» сәйкес аудан әкімінің аппаратына ведомстволық бағынысты мекемелер 2025 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 22 түсіндіру мақаласын жариялады, жоспар толығымен орындалды.

 

Дата публикации
02 марта 2026