Қызмет туралы есеп "Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" ММ 2025 жылға жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

 «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Алтай ауданының жер қатынастары саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.

Бөлім құзыреті шеңберінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
  4. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
  5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  6. Жер учаскелерінің бөлінетіндігін мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  7. Бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру;
  8. Жер учаскесінжалдаумерзімінұзарту;
  9. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;
  10. Жеручаскесінежалдаушартыныңтелнұсқасын беру туралы.

 

Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

2025 жылы  бөліммен барлығы 763 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту, оның ішінде: мақұлданды -497, бас тартылды -46;

cауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу, оның ішінде: мақұлданды -59; бас тартылды -58;

іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, оның ішінде: мақұлданды -1, бас тартылды - 1;

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, оның ішінде: мақұлданды – 139, бас тартылды - 27;

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру, оның ішінде: мақұлданды -1; бас тартылды -0;

жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау - мақұлданды -28; бас тартылды -1;

жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату, оның ішінде: мақұлданған-2, бас тартылған – 0;

Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" қызметі болып табылады.

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" қызметі бойынша 497 өтінім (жеке тұлғалардан 408 өтінім, заңды тұлғалардан 89 өтінім);

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" қызметі бойынша 59 өтінім (жеке тұлғалардан 49 өтінім, заңды тұлғалардан 10 өтінім);

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" 139 өтінім (жеке тұлғалардан 112 өтінім, заңды тұлғалардан 27 өтінім);

Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен бекітілген.

2025 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

Дата публикации
02 марта 2026