«Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын көпшілік алдында талқылауға ұсынады.

 

 

 

 

 

«Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын көпшілік алдында талқылауға ұсынады.

Өздеріңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 2026 жылғы 28 ақпанға дейін t.zaitseva@akimvko.gov.kz электронды поштасына жолдай аласыздар.  

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарлы тақырыбы

Жоспарлы қаржыландыру көлемі  (мың теңге)

Ақпарат көзін көрсетумен түсініктеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.       

«Қауіпсіз жастар – Алтай ауданының болашағы: есірткіге, интернетке тәуелділіктің және экстремизмнің алдын алу».

 

750 000 теңге

 

 «Заң және тәртіп» бағдарламасы бойынша ІСБ ұсыныстары

Аудан тұрғындары

Қауіпсіз әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру және аудан жастары арасында зиянды тәуелділіктер мен экстремистік көріністердің алдын алу туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру.

2.       

«Әйел көшбасшы: болашаққа қадам»

1 000 000 теңге

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының негізгі ұлттық көрсеткіштерін декомпозициялау бойынша ІСБ ұсыныстары

Аудан тұрғындары

Әйелдердің құқықтық, саяси және азаматтық сауаттылық деңгейін арттыру, олардың құзыреттіліктерін және әлеуметтік маңызды шешімдер қабылдауға қатысуға ынтасын дамыту.

3.       

«Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды қалыптастыру»

1 000 000 теңге

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұсыныстары

Аудан тұрғындары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары туралы қоғамды хабардар ету, сондай-ақ азаматтар арасында адалдықты, құқықтық мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті дамыту

 

 

Дата публикации
25 февраля 2026