2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алтай ауданының әкімі тұрғындармен есептік кездесулер өткізді. Кездесулер ауданның барлық қалаларында, кенттері мен ауылдық округтерінде толық көлемде ұйымдастырылды.

Есептік кездесулерге шамамен 2000 тұрғын қатысты. Кездесулер барысында барлығы 84 мәселе көтерілді. Негізінен олар сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, автомобиль жолдарының жай-күйі мен аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ ветеринария және халыққа медициналық қызмет көрсету мәселелеріне қатысты болды.
Көтерілген барлық проблемалық мәселелер бойынша нақты іс-шаралар, орындау мерзімдері және жауапты орындаушылар көрсетілген жиынтық іс-шаралар жоспары қалыптастырылып, бекітілді.
Аталған іс-шаралар жоспарының орындалуы Алтай ауданы әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.

Дата публикации
10 февраля 2026