БЕКІТЕМІН
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
__________________ Н. Сактаганов
«___» ______________ 2025 года
Облыс әкімінің Алтай ауданының тұрғындарымен кездесуінің
қорытындысы бойынша тапсырманы орындау туралы
іс - қимыл жоспары
|
№ |
Сұрақ |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындау барысы |
|
1 |
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жоспар іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін (оның ішінде барлық инвестициялық жобаларды сүйемелдеу) |
ақпарат берсін - 30.12.2025 ж., бұдан әрі – есепті кезеңнен кейінгі тоқсанның 25-не дейін |
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев)
|
|
|
2 |
Табыс көздерінің резервтерін іздестіру және салық салынатын базаны кеңейту жұмысын күшейтсін |
ақпарат берсін - 30.12.2025 ж. |
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев), ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен |
|
|
3 |
АӨК саласындағы инвестициялық жобалардың уақтылы іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа жобалары бойынша ұсыныстар енгізсін |
30.12.2025 ж. |
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев), ауыл шаруашылығы басқармасымен (А.Е. Каджибекова) бірлесіп |
|
|
4 |
Жалпыұлттық және Өңірлік пулдарға қосу үшін нақты инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастырсын, негізгі капиталға инвестициялар тарту, жаңа өндірістер ашу және қолданыстағы өндірістерді кеңейту жұмысын жандандырсын |
30.12.2025 ж. |
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев), кәсіпкерлік және өнеркәсіп туризм (Е.А. Сембинов), ауыл шаруашылығы (А.Е. Каджибекова) басқармаларымен бірлесіп |
|
|
5 |
Туристер санының төмендеу себептеріне талдау жүргізсін, ауданның қолда бар туристік объектілерін толық түгендеуді және статистикалық органдарға есептілікті ұсынуды қамтамасыз етсін |
есепті кезеңнен кейінгі тоқсанның 20-на дейін ақпарат берсін |
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев), туризм басқармасымен ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен ШҚО бойынша Ұлттық статистика бюросымен (Е.Н. Нурланов, келісім бойынша) бірлесіп |
|
|
6 |
Су құбыры желілері мен құрылыстарының құрылысын уақтылы және сапалы аяқтауды қамтамасыз етсін |
ақпарат берсін – әр айдың 12-і күніне |
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев), энергетика және ТҮКШ басқармасымен (Н.К. Сармурзин) бірлесіп |
|
|
7 |
Республикалық бюджет қаражатынан Алтай және Серебрянск қалаларында су құбыры желілерін реконструкциялау жөніндегі жобаларды 2026 жылға қаржыландыру мәселесін пысықтасын |
ақпарат берсін – 22.12.2025 ж.
|
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев), энергетика және ТҮКШ басқармасымен |
|
|
8 |
2025-2026 жж. жылыту маусымының сапалы және үздіксіз өтуін қамтамасыз етсін |
ақпарат берсін – жылыту маусымы аяқталғанға дейін әр айдың 12-і күніне |
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев), энергетика және ТҮКШ басқармасымен (Н.К. Сармурзин) бірлесіп |
|
|
9 |
Алтай қаласындағы Лермонтов көшесі, 2 үйінің тұрғын емес кіреберісіне күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлесін |
ақпарат берсін – 12.01.2026 ж |
Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев), құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен |
|
|
10 |
Ағымдағы жылдың соңына дейін «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде 2 пәтерлі 2 үйдің құрылысын аяқтасын (Жаңа Бұқтырма кенті - 1, |
ақпарат берсін – 30.12.2025 ж |
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Р.Б. Акрамов), Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев) |
|
|
11 |
2026 жылдың соңына дейін Серебрянск қаласындағы №150 көпфункционалды кешенді қайта жаңартуды аяқтауды қамтамасыз етсін |
есепті кезеңнен кейінгі тоқсанның 20-на дейін |
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Р.Б. Акрамов), Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев) |
|
|
12 |
Ағымдағы жылдың соңына дейін Тұрғысын ауылында дәрігерлік амбулатория мен Алтай қаласындағы ауданаралық аурухана аумағында магниттік-резонанстық томография аппаратын орнатуға арналған ғимараттың құрылысын сапалы және уақтылы аяқтауды қамтамасыз етсін |
ақпарат берсін – 30.12.2025 ж.
|
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Р.Б. Акрамов), Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев) |
|
|
13 |
Ауданның 13 елді мекенін интернетке қосудың балама нұсқалары бойынша ұсыныстар берсін |
26.12.2025 ж. |
Цифрландыру және архивтер басқармасы (К.Б. Бимагамбетов), Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев) |
|
|
14 |
Быково ауылында антенна-діңгек құрылысын пайдалануға берсін және мобильді байланыс операторының жабдықты орнатуы бойынша жұмыстардың аяқталуын бақылауды қамтамасыз етсін |
ақпарат берсін – 26.12.2025 ж.
|
Цифрландыру және архивтер басқармасы (К.Б. Бимагамбетов), Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев) |
|
|
15 |
.Ауданда өлім-жітім мен сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендету бойынша нақты ұсыныстар енгізсін |
30.12.2025 ж. |
Денсаулық сақтау басқармасы (Т.Х. Жигитаев), Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев) |
|
|
16 |
Алтай ауданының медициналық мекемелеріне медициналық кадрларды тарту бойынша жұмыс жүргізсін |
ақпарат берсін – 30.12.2025 ж. |
Денсаулық сақтау басқармасы (Т.Х. Жигитаев), Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев) |
|
|
17 |
Балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуды ұлғайту мақсатында оларды профициттік орындарға қабылдау мәселесін пысықтасын |
ақпарат берсін – 12.01.2026 ж. |
Білім басқармасы (К.Б. Оқасов), Алтай ауданының әкімі |
|
|
18 |
Чапаев ауылында «Ауыл шаруашылығы колледжі» КММ базасында құзыреттілік орталығын ашу мәселесін қарастырсын, есептеулермен ұсыныстар енгізсін |
16.01.2026 ж. |
Білім басқармасы (К.Б. Оқасов), Алтай ауданының әкімі |
|
|
19 |
2026 жылы Алтай қаласында көшелерді жарықтандырудың жаңа желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етсін |
ақпарат берсін – 16.01.2026 ж.
|
Энергетика және ТҮКШ басқармасы Алтай ауданының әкімі (Р.Т. Курмамбаев) |
|
|
20 |
Алтай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастырсын |
ұсыныстар енгізсін - 16.01.2026 ж.
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау (Н.Ш. Маратов), құрылыс, сәулет және қала құрылысы (Р.Б. Акрамов), дене шынықтыру және спорт А.Б. Можанов) басқармалары, Алтай ауданының әкімі |
|
Алтай ауданының әкімі Р. Курмамбаев