Алтай ауданының елді мекендерінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2 – тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабы 1 – тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Алтай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Алтай ауданының әкімі Р. Курмамбаев
Алтай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы №____ қаулcымен
бекітілген
Алтай ауданының елді мекендерінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары
1) басқарушы компания – кондоминиум объектісін басқаруға жасалған шарттың немесе көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
2) дауыс беру – пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың, автотұрақтардың, қойма бөлмелерінің меншік иелері дауыстарды санау арқылы кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде өз пікірлерін білдіретін рәсім;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің кеңесі (бұдан әрі –Үй кеңесі) пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан сайланатын кондоминиум объектісін алқалы басқару органы болып табылады;
4) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты алқалы талқылауды және/немесе шешім қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы болып табылады;
5) тұрғынжайдың жалпы алаңы – тұрғынжайдың пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;
6) тұрғын үйдің табиғи тозуы – табиғи, климаттық және өзге де факторлар әсерінің нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдаланушылық қасиеттерін (төзімділігін, орнықтылығын, беріктігін және басқаларды) жоғалту;
7) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы - бүкіл тұрғын үйдің жалпы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы;
8) үйге ортақ инженерлік жүйелер – көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың шегінен тыс жердегі немесе ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға қызмет көрсететін суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры, жүк және жолаушы лифтілері (көтергіштер), қоқыс әкету, ауабаптау, желдету, жылуды реттеу және вакуумдау жүйелері, тогы әлсіз инженерлік жүйелер;
9) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үй ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
12) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
13) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға.
Пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жиналысы Заңның 42-1- бабында белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіледі.
Жиналыс қабылдаған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иелері үшін міндетті болып табылады.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері белгіленген тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен лифтілерді жөндеу және ауыстыру туралы оң шешім қабылдаған кезде, егер қатысу сәтінде басқару органы (басқару нысаны) таңдалмаса, көппәтерлі тұрғын үйді басқару органын сайлайды.
Жазбаша сауалнама жүргізу тәртібі Заңның 42-2-бабына сәйкес жүргізіледі.
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізеді;
2) лифтілерді жөндеуге сметалық есепті әзірлеу немесе көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге (лифтілерді ауыстыруға) жобалау – сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен тиісті жобалар бойынша сараптамалық қорытынды алады;
3) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері мен тұрғын емес үй – жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың (олар болған жағдайда) меншік иелерін жоспарланатын жұмыстар және оларды өткізудің болжамды мерзімдері туралы хабардар етеді;
4) орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.
1) лифтілерді жөндеуге арналған сметалық құжаттаманы келіседі;
2) көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге, лифтілерді ауыстыруға жобалық – сметалық құжаттаманы келіседі;
3) көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге, лифтілерді жөндеуге (ауыстыруға) арналған шығыстар сомасын бекітеді;
4) ақшалай қаражатты қайтару тәртібі мен мерзімдерін келіседі. Жүргізілген күрделі жөндеу үшін қаражатты қайтару сомасының есебі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері ұсынатын техникалық сипаттамалар негізінде айқындалады;
5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй – жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасынан жауапты адамдарды таңдауды жүзеге асырады.
1) мемлекеттік сатып алу порталында мердігерлік ұйымды айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
2) басқару органдарымен және пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерімен күрделі жөндеуді орындауға шарттар жасасуды;
3) шартқа сәйкес күрделі жөндеуді орындауды;
4) қажет болған кезде қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуды;
5) жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды;
6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй – жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерімен жобалық – сметалық құжаттаманы және сметаны келісуді қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған уәкілетті ұйымды жергілікті атқарушы орган айқындайды.