«Алтай ауданының елді мекеніндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» Алтай ауданы әкімдігі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Алтай ауданының елді мекеніндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» Алтай ауданы  әкімдігі                       қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына, «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Қаулының жобасы салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын Алтай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту мақсатында қабылданады

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әсер етпейді.

        

Дата публикации
24 октября 2025