«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 600-бабының 6-тармағына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қосымшаға сәйкес Алтай ауданының елді мекеніндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің орынбасары Т.Н. Мыслимоваға жүктелсін.
- «Алтай ауданының елді мекенінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 146136 болып тіркелген) Алтай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 174 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының әкімі Р. Курмамбаев