2025 жылғы 9 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы ақпарат

2025 жылдың 9 айында Алтай ауданының мемлекеттік органдарында 964 өтініш тіркелген, оның ішінде шағымдар мен өтініштер – 475, басқа өтініштер (ұсыныстар, хабарламалар, сауалдар) - 489. Ауданның мемлекеттік органдарымен осы кезеңде барлығы 933 өтініш қаралды (оның ішінде 197 құзыреті бойынша қайта бағытталған). Өтініштерді қарау және қайта бағыттау мерзімін бұзуға жол берілмейді.

Негізінен абаттандыру, жер учаскесін жалға алу, тұрғын үй мәселелері келіп түседі.

Мемлекеттік органдарда қаралған өтініштердің жалпы санынан әкімшілік рәсім тәртібімен 35,9 % (264 өтініш), оңайлатылған рәсім тәртібімен 64,1 % (472 өтініш) қаралды.

2025 жылдың есепті кезеңінде аудан әкімі, қалалардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары 197 жеке қабылдау өткізді, 201 адам қабылданды. Оның ішінде: Алтай ауданының әкімі және оның орынбасарлары 52 қабылдау өткізді. 56 азамат қабылданды. Дербес бөлімдердің басшыларымен 28 қабылдау өткізілді. Ауданның қалалары, кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдері 117 қабылдау өткізді.

 

Дата публикации
22 октября 2025