2025 жылдың 6 айында Алтай ауданының мемлекеттік органдарында 601 өтініш тіркелген.
Әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған өтініштердің жалпы санынан 41,4 % (249 өтініш), оңтайландырылған рәсім тәртібімен (хабарламалар, сұрау салулар, ұсыныстар, хабарламалар) – 58,6 % (352 өтініш) қаралды.
Негізінен абаттандыру, жер телімін жалға алу, тұрғын үй мәселелері бойынша өтініштер түседі.
Есеп беру кезеңінде өтініштерді қайта бағыттау және қарау мерзімін бұзуға жол берілген жоқ.
2025 жылдың 6 айында аудан әкімі 18 жеке қабылдау, аудан әкімінің орынбасарлары 4 жеке қабылдау өткізді. Қалалардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері 75 қабылдау, дербес бөлімдердің басшылары 17 қабылдау өткізді.