Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Алтай ауданы Никольск ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 14 шілдеде Алтай ауданы Никольск ауылдық округінің әкімі ретінде
1986 жылы туған, «Алтай қаласы әкімінің аппараты» ММ әкім орынбасары лауазымын атқарған, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Алтай қаласының тұрғыны Ахметова Құралай Әділбекқызын тіркеді.
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы