Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Алтай ауданы Октябрьский кентінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 14 шілдеде Алтай ауданы Октябрьский кентінің әкімі ретінде
1983 жылы туған, ҚР ҰҚК шекара қызметінің зейнеткері, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Алтай қаласының тұрғыны Әбілмажинов Дәурен Уашұлын тіркеді.
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы