Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 14 шілдеде Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округінің әкімі ретінде
1996 жылы туған, «Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының орынбасары лауазымын атқарған, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Алтай қаласының тұрғыны Джаббаров Эльдар Ашираф-оглыны тіркеді.
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы