Тұрғысын ауылдық округінің әкімін сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 701, дауыс беруге қатысқаны – 470 (67%).
Сайлау қорытындысында Александра Николаевна Бектемирова 57 (12,1%), Эльдар Ашираф-оглы Джаббаров – 354 (75,5%), Ольга Юрьевна Фаткулина - 58 (12,4%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1996 жылы туған, «Алтай қаласының БЖСМ» КММ, директордың орынбасары, Эльдар Ашираф-оглы Джаббаров – Тұрғысын ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы