«Алтай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

 

 

                                                                                    Алтай  ауданы  әкімдігінің

                                                                                    2022 жылғы  _________

                                                                                    № ____ қаулысына

                                                                                    1 қосымша

 

 

«Алтай ауданының қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алтай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан  Республикасының мемлекеттік органы болып  табылады, Алтай ауданы аймағында бюджетті атқару, аудандық мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттiк сатып алу процесiн үйлестiру  саласында бөлек қызметтерді жүзеге асырады.
  2. Бөлім  өз қызметін   Қазақстан  Республикасының    Конституциясына және басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен   Үкіметінің   актілеріне,    өзге  де  нормативтік   құқықтық  актілерге,   сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім мемлекеттік  мекеме ұйымдық-құқықтық   нысанындағы заңды

тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен  мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.

  1. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  2. Бөлім егер Қазақстан  Республикасының    заңнамасына  сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық нысандардың тарапы болуға құқығы бар.  
  3. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  4. Бөлімнің  құрылымы    мен    штат    санының   лимиті    қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  5. Заңды тұлғаның орналасқан  жері:  070800,  Қазақстан   Республикасы, Шығыс  Қазақстан    облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Тәуелсіздік  көшесі,  18.
  6. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. Бөлім құрылтайшысы «Алтай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  7. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алтай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  8. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен  Бөлімнің  функциялары болып табылатын      міндеттерді    орындау     тұрғысында     шарттық      қатынастарға   түсуге тыйым салынады.
  9. Бөлімнің жұмыс  тәртібі   ішкі    еңбек   тәртібі     қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

 

  1. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:

1) тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің атқарылуын  қамтамасыз ету;

2)   ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару;

3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

 Бөлім құқылы:

1)  Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды аудан әкімінің қарауына ұсынуға;

2)   Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орнатылған тәртіппен кеңес өткізуге;

3)00өз  қызметін  атқару үшін  қажетті ақпаратты басқа  ұйымдардан және оның басшыларынан, өзге мемлекеттік органдардан  Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған құзыреті шеңберінде  сұратуға;

4)00мемлекеттік  сатып алу процесін үйлестіру мен мониторинг жүргізу, бюджетті орындау, ауданның мемлекеттік коммуналдық меншігін иелену, пайдалану және билік ету сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының сотында мемлекеттің мүддесін білдіруге;

5)00Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа міндеттерді орындауға.

Бөлім міндетті:

1)00Бөлімнің  құзыретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  түсініктеме  беруге;

2)00Қазақстан    Республикасының  заңнамасына  сәйкес  және  өз  құзыреті щеңберінде  жеке   және  заңды    тұлғаларға  қажетті    материалдарды     ұсынуға;

3)00Бөлім құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындауға.

  1. Бөлімнің функциялары:

1)   аудандық бюджетке және аудан бюджетіне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;

2)   төлемдердің  уақытылы және  толық төленуін қамтамасыз ету үшін, алдыңғы кезеңде бюджетке түсетін қаражат түсімдерінің  күтілімдегі көлемін анықтайды;

3)    бюджет қаражатының игерілу мониторингін жүргізеді;

4)   ай сайын есептерді жасайды және аудан әкімдігіне, экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне, облыстың тексеру комиссиясына, Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

5)  аудан әкімдігіне, экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне, Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасына облыстың ревизиалық комиссияны, қоғамдық кеңесті, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ауданның бюджетін орындау туралы жылдық есепті ұсынады;

6)    аудан     әкімдігіне,   Шығыс     Қазақстан     облысының       Қаржы

басқармасына  жергілікті  атқарушы  орган  резервінің  ақшасын  пайдалану және тиісті кезеңге  оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады;

7)  аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

8)  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурстарды өткізеді;

9)   аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;

10)00аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

11)00ауданның   жергілікті  атқарушы  органымен  құрылған, мемлекет бақылау жүргізетін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын орындауына бақылау және талдау жасайды;

12)  аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды  тұлғаларға бекітеді;

13)00аудандық коммуналдық мүлкін пайдалану бойынша шешім қабылдайды, сондай-ақ оны кепілге, өтеусіз пайдалануға және сенімді басқаруға береді;

14)00коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

15)00сенімгерлік басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

16)00аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру нысанының  сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату  шарттары  талаптарының сақталуын  бақылауды жүзеге асырады;

17)00жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың  мүлкін есептен шығаруға  келісуді жүргізеді;

18)00мемлекеттік сатып алу мониторингін  және  аудан бойынша  есептілікті жалпылауды  жүзеге асырады;

19)  Бөлімнің бухгалтерлік есебін және есептілікті жүргізеді, Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасына шоғырландырылған есептілік қалыптастырады және береді;

20)    аудан бюджетінің есебін жүргізуді жүзеге асырады;

21)    Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді, сондай-ақ ауданның мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады;

22) Қазақстан Республикасының заңымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген басқа өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың қызығушылығында жүзеге асырады.

 

 

  1. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындауына және оның  функцияларын   жүзеге  асыруға  дербес жауапты болатын басшы жүзеге  асырады.
  2. Бөлімнің   басшысы   Алтай  ауданының   әкімімен  Қазақстан   Республикасының  қолданыстағы заңнамасына   сәйкес қызметке  тағайындалады және қызметінен босатылады.
  3. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
  • Бөлім    басшысының       бұйрықтарымен         және         Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, басқа да актілермен рәсімделетін,  орнатылған  тәртіпте  шешімдер  қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында орнатылған  тәртіппен, Бөлім  қызметкерлерін  лауазымға  тағайындайды және лауазымынан босатады;
  • мемлекеттік  әкімшілік   қызметкерлердің  қызмет  этикасын  сақтау тәртібін қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан   Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  тәртіпте Бөлім қызметкерлерін  мадақтайды және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
  • өз  құзыреті   шегінде   бұйрықтар  шығарады,  нұсқаулар   береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
  • Бөлім  қызметкерлерінің   лауазымдық   нұсқаулықтарын  бекітеді;
  • мемлекеттік органдарда, басқа  да ұйымдарда  Бөлімнің  мүддесін қорғайды;

8)  Алтай ауданы  әкімдігі  қаулысымен бекітілген, Бөлімнің құрылымы  мен   штат санының    лимиті  шегінде,  штат   кестесін     бекітеді;

         9) сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және сол үшін жеке жауапты;

10)  азаматтардың   тәжирбиелеріне,    мүмкіндіктеріне   және    кәсіби

дайындықтарына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;

         11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

         Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

21.0Бөлімнің Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда   жедел   басқару  құқығында  оқшаулаған  мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі ( ақшалай кірістерді қоса алғанда ) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған  мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым  салынбаған  өзге де көздер есебінен  қалыптастырады.
          22.0Бөлімге бекітілген мүлік аудандық  коммуналдық меншікке  жатады.
          23.0Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

      24.0Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 июня 2025