аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 4 маусымдағы №2
қаулысымен бекітілді
2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Шығыс Қазақстан облысы
Алтай ауданының Чапаево, Соловьево, Тұрғысын,
Никольск ауылдық округтерінің және Октябрьский кентінің
әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Чапаево, Соловьево, Тұрғысын, Никольск ауылдық округтерінің және Октябрьский кентінің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдері) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 4 маусым (113-1-б. 1, 3-т.) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей–2025 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей (22-б.) |
|
3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей–2025 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті әкім Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде- 2025 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей (23-б., 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2025 жылғы 5 маусымнан басталады және 2025 жылғы 17 маусымда сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-3-б. 1-т., 5-т) |
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (113-5-б., 11-т.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б., 31-б., (8-1 тт.) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т., 9-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2025 жылғы 1 маусымға) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне он күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 аяқталады 2025 жылғы 5 маусымнан басталып, 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 аяқталады (113-5-б., 14-т.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен 2025 жылғы 22 маусымда сағат 18.00-де басталады және 2025 жылғы 12 шілдеде сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Тиісті әкім Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 23 маусым (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 28 маусымнан (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 3 шілдеге дейін (18-б. (5-т.), 38-б. (2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 10 шілдеден ерте емес және 11 шілдеден кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 13 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 13 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 13 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8-т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкімдер сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 16 шілдеден кешіктірмей (113-10-б.) |
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткен күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей 2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей (45-б., 46-б., 3-т, 113-11-б.,1-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.