Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 1 маусымда өткен Алтай ауданы Прибрежный кентінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 2 маусымда Алтай ауданы, Прибрежный кентінің әкімі ретінде

1993 жылы туған, «Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің маман лауазымын атқарған, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Алтай   қаласының тұрғыны Молотков Владимир Григорьевичті тіркеді.

Дата публикации
03 июня 2025