Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 1 маусымда өткен Алтай ауданы Зубовск кентінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 2 маусымда Алтай ауданы, Зубовск кентінің әкімі ретінде

1995 жылы туған, «Зубовск кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман лауазымын атқарған, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Алтай   қаласының тұрғыны Гребенщикова Анастасия Юрьевнаны тіркеді.

Дата публикации
03 июня 2025