Алтай ауданы Прибрежный кенті әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 477, дауыс беруге қатысқаны – 368 (77,15%).
Сайлау қорытындысында Игенова Жанар Келгентайқызы - 50 (13,97%), Молотков Владимир Григорьевич – 248 (69,27%), Храмцова Наталья Михайловна - 58 (16,20%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 2.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1993 жылы туған, «Алтай ауданы әкімі аппараты» ММ маманы, Молотков Владимир Григорьевич – Прибрежный кентінің әкімі болып сайланды.
Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы