Зубовск кентінің әкімін сайлауының қорытындысы мен сайланған әкім туралы хабарлама

Алтай ауданы Зубовск кенті әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1018, дауыс беруге қатысқаны – 709 (69,65%).

Сайлау қорытындысында Гребенщикова Анастасия Юрьевна - 464 (67,05%), Мырзақанова Кәмила Қайратқызы – 94 (13,58%),  Сурнина Наталья Александровна -  131 (18,93%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1995 жылы туған, «Зубовск кенті әкімі аппараты» ММ бас маманы, Гребенщикова Анастасия Юрьевна – Зубовск кентінің әкімі болып сайланды

Дата публикации
02 июня 2025