Бекітемін
Алтай ауданының әкімі
_______________ Р.Т. Курмамбаев
«____» ___________ 2024 ж.
Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ т/б |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдар |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны
|
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
|
1. |
Құқықтық олқылық. Лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектiсiнiң құзыретiн реттейтiн ережелердiң болмауы, бұл заңсыз пайда алу мақсатында өкiлеттiктердi өз бетiнше анықтау мүмкiндiгiн туғызады. |
||||
|
|
Бағдарлама бойынша бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының болмауы ауданның жергілікті атқарушы органдарында залалсыздандыру және дератизациялау қызметі бар болғанымен, бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуына әкеп соғуы мүмкін.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығына аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері үшін «Профилактикалық дератизация және дезинсекция жүргізу (жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары аумағында, сондай-ақ инфекциялық аурулар ошақтарында дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда)» бағдарламасы бойынша бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы бөлігіне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне хат жолдасын. |
Бастама хат
|
Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
2. |
Құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылықтары. Басымдық норманы таңдау үшін жауапкершілік талдау объектісінің лауазымды тұлғасына жүктеледі (заңнаманың ақпараттық жүйелердің жұмысына сәйкес келмеуі). |
||||
|
|
Аффилиирленген тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат беру сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жатады және егер бұл әрекет жасалса, мемлекеттік қызметтің беделін түсіру болып саналады.
|
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуы» веб-порталын пысықтау үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы әзірлеушілерге өтініш жіберу туралы ұсыныстар енгізу.
|
Бастама хат
|
Алтай ауданының қаржы бөлімі |
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
3. |
Құқықтық олқылық. Азаматтардың ықпал етуін немесе әкімшілік іс жүргізу барысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін процессуалдық тәртіп жоқ |
||||
|
|
Алтай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде азаматтардың ықпал етуін немесе әкімшілік іс жүргізу барысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін процессуалдық тәртіпті және әкімшілік іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген ескірген нормативтік құқықтық актілерді анықтау. |
«Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала)» әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 123 бұйрығына сәйкес әкімдіктің регламентін дайындауды және қабылдауды ұйымдастыру. |
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын құқықтық актіні әзірлеу және қабылдау
|
Алтай ауданы әкімі аппаратының басшысы.
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
4. |
Персоналды басқару бағытында бос лауазымның бар-жоғы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақтылы және/немесе толық орналастырмау. |
||||
|
|
Бөлім басшысының бос лауазымы бар екендігі туралы ақпаратты үш айдан астам мерзімде өз уақытында және/немесе толық орналастырмау бұл жоғарыда аталған бапты бұзуға әкеп соғады. |
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес қолданыстағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу жөнінде шаралар қабылдасын.
|
Қолданыстағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу.
|
Алтай ауданының әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі.
|
2024 жылдың 01 шілдесіне дейін.
|
|
5. |
Құқықтық олқылық. талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін ережелердің болмауы, бұл олардың декларациялық сипатына және іс жүзінде қолдану мүмкін еместігіне әкеледі. |
||||
|
|
Алтай ауданының әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде бұрын ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама зірленгенімен бекітілмегені және сараптамадан өткізілмегені анықталды. |
Алтай ауданының жергiлiктi атқарушы органдарында ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық құжаттаманы жаңарту және бекiту бойынша шаралар қабылдау.
|
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманы жаңарту және бекіту
|
Алтай ауданының әкімі аппаратының цифрландыру, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметті мониторингілеу бөлімі
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
6. |
Құқықтық олқылық. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актінің болмауы. |
||||
|
|
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын, сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызатын және теріс салдарға әкеп соғуы мүмкін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт жоқ. |
«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірлеу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдасын.
|
Бастама хат |
Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
7. |
Құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылықтары. талдау объектісінің лауазымды тұлғасына басымдық нормасын таңдау жауапкершілігі жүктеледі. |
||||
|
|
«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы
|
Бастама хат
|
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
8. |
Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі. лауазымды тұлғаның және/немесе объектінің өз құзыреті шегінде шешім қабылдау үшін тізімге енгізілмеген қосымша құжаттарды сұрату мүмкіндігі (мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету). |
||||
|
|
«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы |
Бастама хат
|
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
9. |
Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі. лауазымды тұлғаның және/немесе объектінің өз құзыреті шегінде шешім қабылдау үшін тізімге енгізілмеген қосымша құжаттарды сұрату мүмкіндігі (мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету). |
||||
|
|
Негізгі жер учаскесінде ғимараттар (құрылыстар, құрылыстар) болмаған жағдайда ғимараттарды (құрылыстарды, құрылыстарды) кеңейту және реконструкциялау үшін қосымша жер учаскесін беру арқылы көрсетілетін қызметті алушыға артықшылық беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауы. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы
|
Бастама хат
|
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
10. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша. тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру. |
||||
|
|
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін жәрдемақы және бюджеттік кредиттер беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің талапқа сай жұмыс істемеуі. |
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына аталған мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар енгізу.
|
Бастама хат
|
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|
|
11. |
Құқықтық және лингвистикалық белгісіздік. ережеде түсініксіз немесе анық емес, екі ұшты мағынасы қамтылған тұжырымдау, заңсыз түсінікке мүмкіндік береді. |
||||
|
|
«Құжаттардың сенімсіздігін анықтау» деген сөздің нақты түсінігі жоқ, осыған байланысты мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жағдайларға байланысты өз қалауы бойынша әрекет ету және өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігіне әкеп соғуы мүмкін әртүрлі түсіндірулерге жол беріледі. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына «құжаттардың сенімсіздігін анықтау» түсінігін толықтыруға немесе құжаттардың сенімсіздігін анықтау әдістемесін әзірлеуге қатысты бастама хат жіберу. Қосымша: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі.
|
Бастама хат
|
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.
|
2024 жылдың 14 шілдесіне дейін.
|