Алтай ауданы Зубовск және Прибрежный кентерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

 

 

 

 

 

 

Алтай ауданы Зубовск және Прибрежный кентерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

 

                «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алтай ауданы Зубовск кентінің әкімін сайлауы бойынша - Зубовск  кентінің шекараларында сайлау округі құрылсын.
  2. Алтай ауданы Прибрежный кентінің әкімін сайлауы бойынша Прибрежный  кентінің және Заводинка ауылының шекараларында сайлау округі құрылсын.
  3. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Заря Востока» аудандық газетінде және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                                  Б. Тұқтыбаева

 

 

Хатшы                                                                                                 Р. Букежанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 апреля 2025