«Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және
құрылыс бөлімі» ММ 2024 жылға мемлекеттік
қызметтер көрсету бойынша қызметі туралы есебі
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ өзгертулер және толықтырулармен «Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде 1 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, 3 қызмет басқа мемлекеттік органдармен бірге І кезең бойынша ЭҮП арқылы, сондай-ақ, 2 қызмет ЭҮП арқылы электронды түрде көрсетіледі.
2024 жылы бөліммен 1694 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінде:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 826;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы – 868;
«Электрондық үкімет порталы» арқылы электронды форматта көрсетілген қызметтердің баламалы негізде көрсетілетін қызметтер санының үлесі 100%-ды құрады.
Ең танымал мемлекеттік қызметтер болып табылады:
- Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүліктің мекенжайын анықтауға анықтама беру – 826 анықтама;
Жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.
«Алтай ауданының сәулет,
қала құрылысы және құрылыс
бөлімі» ММ басшысының м.а. Р. Оразаева
орынд.: Д.Абылгазынова
61019