Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы ақпарат
2024 жылдың 12 айында Алтай ауданының тұрғындарына 7933 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
- 12 мемлекеттік органдар арқылы қағаз нысанда;
- 3365 баламалы негізде қағаз нысанда (олар «электрондық үкіметтің веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін, барлығы, оның ішінде қызмет түрлері бойынша;
- 1053 мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген, оның ішінде;
- 3503 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген.
- 344 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған.
Алтай ауданында 21 өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді:
- 15 қалалардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдіктерінде;
- 6 кітапханаларда.
Бекітілген жауапты қызметкерлер халыққа электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш беруде әдістемелік көмек көрсетеді.
Халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына қолжетімділік қамтамасыз етілді, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында елді мекендердегі қолданыстағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары туралы мәліметтер орналастырылды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың барлық шаралары сақталады.
Ағымдағы жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында 6609 электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілді.