2024 жылғы қаңтар–желтоқсанға Алтай ауданының негізгі  капиталға  салынған инвестициялары

2024 жылғы қаңтар–желтоқсанға Алтай ауданының негізгі  капиталға  салынған инвестициялары

 

2024  жылғы  қаңтар-желтоқсанға  негізгі  капиталға  салынған инвестициялардың көлемі  83628,4 млн. теңгені құрады немесе 2013 жылға тиісті кезеңмен салыстырғанда 108,5%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі Алтай ауданының үлес салмағы –    10,9%.

 

Негізгі капиталға салынған ішкі инвестициялар –81001 млн. теңгені құрады, ал сыртқы инвестициялар – 2627,3 млн. теңгені құрады.

 

Инвестициялық құрылымда қаржыландырудың негізгі көзі бойынша кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 47,2% алды, республикалық бюджеттегі қаражат – 6,8%, жергілікті бюджет -37%,  банктердің несиелері – 0,02%,  болып табылады, басқа да қарыз қаражаты – 9%.

 

Инвестициялардың жалпы көлемінен өңдеу өнеркәсібіне – 3,4%, ауыл шаруашылығына – 12,7%, өнімдерін өндіруге – 0,04% бағытталды.

 

2024 жылғы қаңтар- желтоқсанға ғимараттар мен имараттарды салу жəне күрделі жөндеу  жұмыстарына  бағытталған  инвестициялық  салымдар  көлемі  49566,9  млн. теңгені құрады.

 

 

Дата публикации
19 февраля 2025