Алтай қаласының әкімін сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Алтай ауданы Алтай қаласы әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 25 709, дауыс беруге қатысқаны – 17 320 (67.3%).
Сайлау қорытындысында Козлов Дмитрий Викторович – 2 255 (13%), Мыслимова Татьяна Николаевна – 2 367 (13,7%), Охременко Сергей Владимирович – 12 575 (72,7%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 62.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1974 жылы туған, Алтай ауданы әкімінің орынбасары, Охременко Сергей Владимирович – Алтай қаласының әкімі болып сайланды.
Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы