Алтай ауданы әкімдігінің қаулысы 2025 жылғы 14 Қаңтар № 12
«Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2025 жылғы 01 маусым.».
Алтай ауданының әкімі Р. Курмамбаев