Алтай ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 25 желтоқсан
№2 қаулысына қосымша
2025 жылғы 2 ақпанға тағайындалған Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Средигорное ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
|
1. Алтай ауданы Средигорное ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау (бұдан әрі - әкім) |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылы 25 желтоқсан (113-1-б. 3-т.) |
|
2. Сайлау округінің тізімін, оның шекараларымен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей (22 б.) |
|
3.Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей (13-б.4-т.) |
|
4.Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей -2025 жылғы 9 қаңтардан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті әкім Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде - 2025 жылғы 9 қаңтардан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2024 жылғы 26 желтоқсанда басталады және 2025 жылғы 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б. 1-т., 5-т.) |
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі –Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидат тиісті құжаттарын ұсынғаннан кейін (113-5-б.,11-т.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап. (14-б., 8-1 тт., 31-б.) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде (113-4 б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б.8-т.,9-т.)
|
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу |
|
|
|
Әкімдікке кандидаттар саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін). Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
12.Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2024 жылғы 1 желтоқсанға) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде. (113-5-Б. 3-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады 2024 жылғы 26 желтоқсаннан басталады, 2025 жылғы 12 қаңтарда жергілікті уақытпен 18.00-де аяқталады (113-5- б. 14-т.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей. (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және Алтай ауданының сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 12 қаңтар жергілікті уақытпен 18.00-де басталады, 2025 жылғы 1 ақпанда жергілікті уақытпен 00.00-де аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және Алтай ауданының сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Тиісті әкім Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2025 жылғы 18 қаңтардан бастап (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күн кешіктірмей 2025 жылғы 23 қаңтарға дейін (18-б. 5т.), 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға кемінде бір күн бұрын 2025 жылғы 30 қаңтардан ерте емес және 1 ақпаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын 2025 жылғы 2 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 2 ақпанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 2 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. (18-б. 8-т, 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28.Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау. |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей (113-10- б.) |
|
29.Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей (44 б. 3т.) |
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру |
|
|
|
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, әкім мәртебесіне қатысты емес міндеттерді өздерінен алу туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін. 2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей (45-б.,3-т., 46-б. 1-т., 113-11-б.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.