2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен
Алтай ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 8 желтоқсанда № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алтай ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3439 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2084 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 212 сайлаушылар қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
№ 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алтай ауданы мәслихатының депутаты сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Ахметқалиева Анар Тоқтарқызы үшін сайлаушылардың 363 дауысы берілді,
Имамбаев Дидар Бақытжанұлы үшін сайлаушылардың 1421 дауысы берілді.
Исканов Оралхан Талаптанұлы үшін сайлаушылардың 271 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 12;
Сайлау қорытындысымен № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алтай ауданы мәслихатының депутаты болып сайланды:
Имамбаев Дидар Бақытжанұлы, 1985 жылы туған, «Диас Сауда», «Қаратай-2» ЖШС директоры, Алтай қаласы.
Алтай ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы