Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35047 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-1. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй беретін жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктердің (болған жағдайда) өкілдерінің кемінде бес адамнан тұратын тақ санынан қалыптастырылады.";
17-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-3. Тұрғын үй комиссияның хатшысы тұрғын үй комиссияның мүшесі болып табылмайы және дауыс беруге құқығы жоқ.".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
24-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"23) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34524 болып тіркелген) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.";
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
6 (алты) жұмыс күн |
".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережелерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіруге құқық беретін, оның ішінде жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктердің (болған жағдайда) өкілдерінің кемінде бес адамнан тұратын тақ санынан қалыптастырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй комиссияның хатшысы тұрғын үй комиссияның мүшесі болып табылмайы және дауыс беруге құқығы жоқ.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
аппарат басшысы немесе жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшысының орынбасарлары;
заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);
қаржы қызметінің басшысы;
персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;
үштен аспайтын қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері (болған жағдайда);
жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері.".
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК