2023 жылға Алтай ауданы бойынша жалақы
Алтай ауданы бойынша 2023 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 339.9 мың теңгені құрады және 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18.5%-ға артты, нақты көріністе 3.4%-ға көбейді.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы құрылыс жұмыскерлерінде – 466.6 мың теңге, бұл орташа аудандық деңгейден 37.3%-ға жоғары, өнеркәсіп – 435.7 мың теңге, көлік және қоймалау – 371.6 мың теңгеден байқалды.
Ең төменгі жалақы жылжымайтынмулікпен жасалатын операциялар – 100.0 мың теңге, бұл орташа аудандық деңгейден 76.6%-ға төмен, өнер, ойын-сауық және демалыс – 144.6 мың теңге (57.5%), көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну – 160.8 мың теңге (52.7%), тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету -183.4 мың теңге (46.0%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 185.9 мың теңге (45.3%) келеді.
2023 жылы аудан бойынша орташа айлық жалақы облыстық көрсеткіш деңгейінде қалыптасты