Алтай өңірінде құрылыс жұмыстарын жүргізу әне нысандарды пайдалануға беру туралы

Алтай өңірінде құрылыс жұмыстарын жүргізу әне нысандарды пайдалануға беру туралы

            2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында Алтай өңірінде 6 288,7 млн теңгенің құрылыс жұмыстары (қызметтері) орындалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 218,2%-ға артық.

            Құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі құрылыс-монтаж жұмыстарына – 92,1%, құндық мәнде 5794,7 млн.теңгені құрады, ағымдағы жөндеуге – 6,5%, күрделі жөндеуге – 1,4%,теңге (тиісінше 406,1 млн. теңге және 87,9 млн. теңге).

             Меншік түрлері бойынша құрылыс жұмыстарының ең көп көлемін жеке меншік – 83,7%, шетелдік меншік 16,3% құрады.
          2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында Алтай өңірінде 2583 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 212,8% құрады.

 

Дата публикации
26 июня 2024