«Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 06 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 06 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8963-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді.»

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
29 мая 2024