Алтай ауданы әкімдігінің 27.05.2024 жылғы № 231 қаулысы

 Алтай ауданы әкімдігінің 27.05.2024 жылғы № 231 қаулысы

 

«Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                       65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі                ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1- тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2024 жылғы 30 желтоқсан.».

  1. «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Алтай ауданының әкімі                                                               Р. Курмамбаев

Дата публикации
28 мая 2024