«Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 533 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алтай ауданы әкімдігінің 18.03.2024 жылғы № 110 қаулысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 533 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                            65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі                 ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 533 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2024 жылғы 01 маусым.».

  1. «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Алтай ауданының әкімі                                                               Р. Курмамбаев

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 марта 2024