Алтай ауданы әкімдігінің 18.03.2024 жылғы № 111 қаулысы
«Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 228 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2024 жылғы 01 маусым.».
Алтай ауданының әкімі Р. Курмамбаев