Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- «Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидағалары мен мөлшерін бекіту туралы» Алтай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4/8-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8875-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен мынадай мөлшерде көрсетіледі: 2024 жылы – 42000 теңге, 2025 жылы – 43000 теңге, 2026 жылы – 44000 теңге.».
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.