2023 жылғы қаңтар – желтоқсанға Алтай ауданының негізгі капиталға салынған инвестициялары
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 77074,7 млн. теңгені құрады немесе 2022 жылға тиісті кезеңмен салыстырғанда 113,7%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі Алтай ауданының үлес салмағы – 11,8%.
Негізгі капиталға салынған ішкі инвестициялар –75159,5 млн. теңгені құрады, ал сыртқы инвестициялар – 1915,2 млн. теңгені құрады.
Инвестициялық құрылымда қаржыландырудың негізгі көзі бойынша кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 74,2 алды, жергілікті бюджет -24% банктердің несиелері – 03%, болып табылады, басқа да қарыз қаражаты – 1,5%.
Инвестициялардың жалпы көлемінен өңдеу өнеркәсібіне – 2,7%, ауыл шаруашылығына – 23,5%, өнімдерін өндіруге – 0,1% бағытталды.
2023 жылғы қаңтар- желтоқсанға ғимараттар мен имараттарды салу жəне күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған инвестициялық салымдар көлемі 28076,2 млн. теңгені құрады.